главная

Шетелде оқу конкурсына қатысу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыруға болады

July 7, 2020

 

Енді шетелде оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде «Электрондық үкімет» порталында құжаттарды онлайн тапсыра алады. Бұл жөнінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

 

«Қызмет ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, «Бакалавриат», «Магистратура», «Резидентура» немесе «Докторантура» бағдарламалары бойынша шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжат тапсыру мүмкіндігін ұсыну мақсатында онлайн форматқа ауыстырылды. Сонымен қатар, қызметке тапсырыс бере отырып, сіз білім алғы ңыз келетін ел мен мамандықты порталда көрсете аласыз» , - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

 

Қызметті пайдалану үшін порталда авторизациядан өту қажет, содан кейін «Білім» қосымша бетінде «Білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс беру қажет.

 

Бұдан әрі білімі, отбасы жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтер, жалпы мәліметтер көрсетілген барлық қажетті жолдарды толтырып және ЭЦҚ немесе смс-пароль көмегімен қол қою (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет) қажет.

 

Қызмет көрсетудің нәтижесі - білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысуға құжат қабылдау туралы хабарлама не пайдаланушының «Жеке кабинетіне» түсетін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетілетінін айта кетейік.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon