главная

Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма – Аймағамбетовтың жауабы

 

Осы жылдың қыркүйегінде балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Біріншіден жалпы дайындық жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Аяқталған оқу жылының төртінші тоқсанында да дайындық жұмыстары тоқтап қалған емес. Бұл туралы бұрын да айтқанбыз. Екіншіден, бұл тұрғыда Білім және ғылым министрлігінің жалпы жоспары бар. Күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз әу бастан үш негізгі нұсқаға дайындалдық. Болжамымыз дұрыс болып шықты», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

 

Министрдің айтуынша осы үш бағыт бойынша дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.

 

«Осы үш нұсқа Денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен талқылану үстінде. Оның қыр-сырын зерттеу бойынша жұмыс топтары бар. Іске ғалымдар мен педагогтарды, мектеп директорлары мен сарапшыларды тарттық. Сол себепті қазіргі уақытта барлы өңірде үлкен талқылау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен слайд-материал Білім және ғылым министрлігіне тиесілі емес. Оны мектеп деңгейінде талқылағандардың бірі таратуы мүмкін», - деді ол.

 

Асхат Аймағамбетов сонымен бірге мұғалімдерге арналған курстар дайындалғанын жеткізді.

 

«Ең маңызды сұрақтардың бірі – педагогтердің қазіргі жаңа жағдайға дайындығы. Қандай нұсқа қабылданса да педагогтерге жаңа дағды керек. Оны төртінші тоқсанда айқын байқадық. Сондықтан бес модульден тұратын осы курстар – ІТ-дағды, цифрлық педагогика мәселелерін қамтиды. Қандай нұсқа қабылданса да – осы курстарды жүргіземіз. Сондай-ақ комьпютер мен серверлер, интернет мәселесі. Қашықтан оқысақ та, қалыпты оқысақ та – мектептерге компьютер керек. Әкімдіктер осы мәселеге жіті назар аударып отыр. Егер мектепте бір компьютерге 20-25 баладан келсе, онда олардың ІТ-дағдысын дамытамыз деген сөз бекер», - деді ол.

 

Министр өз сөзінде ерекше қажеттілігі бар балаларға берілетін білім сапасы мәселесі де ұмытылмайтынын жеткізді.

 

Еске сала кетсек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мектептердің алдағы жаңа оқу жылына дайындығын пысықтаған болатын.

 

«Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің бұл оқиғаға дайындығына күмәнім бар. Балалар қалай оқиды – мектепте немесе қашықта? Мұғалімдердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай?», - деп сұрақ қойды Мемлекет басшысы.

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon