главная

Асхат Аймағамбетов оқу бағасын көтермеуді сұрады

 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пандемия кезеңінде қаражаттан қиналған студенттерге қолдау көрсетуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Пандемия салдарынан студенттер оқуына уақытылы төлеу мүмкіндіктері азайғанын көріп отырмыз. Жалпы экономикалық ахуалды өздеріңіз көріп отырсыздар. Сондықтан ЖОО тарапынан да қолдау жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймын және екі мәселеге тоқталғым келеді», - деп атап өтті министр онлайн аппарат жиналысында.

 

Ең алдымен министр қарыздары бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндіктерін беруді ұсынды.

 

«Біз жүргізген талдау нәтижесінде осындай мәселелер анықталды. Сондықтан бөліп төлеуге мүмкіндік қарастыруларыңызды сұраймын. Екіншіден, біз алған ақпаратқа сәйкес, біраз ЖОО қазір оқудың бағасын көтеруді жоспарлап отыр екен. Сондықтан бұл мәселе бойынша да сіздерге өтініш бар – осы ахуалды біле отырып, жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеу. Бұл - өте маңызды. Сондықтан бұл мәселені сіздер қарастырып, тиісті шешім қабылдайды деп сенемін», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

Сонымен бірге, министр ЖОО-ларды қолдау бойынша бағдарлама дайындалып жатқанын, оның жақын күндері жарияланатынын жеткізді.

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon