главная

Докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

August 3, 2020

 

Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Карантин режимінің ұзартылуына байланысты докторантураға құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жүзеге асырылады. Докторантураға түсу емтихандарын 17-22 тамыз аралығында жоғары оқу орындары өздері өткізеді. Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады. PhD мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік гранттардың саны 1 815 құрайды.

 

Емтихандарды өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің жұмысы ұйымдастырылады, оқуға түсушілерді аудиторияларда отырғызу барысында әлеуметтік қашықтық қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қатаң маска режимі сақталады.

 

Айта кетсек, COVID-19 пандемиясы жағдайында ағылшын тілін білу IELTS халықаралық тестін дәстүрлі форматта тапсыру мүмкін болмауына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігінде жоо түлектеріне магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo English Тest және IELTS INDICATOR тапсыруға рұқсат беретін бұйрыққа қол қойылды.

 

Еске салсақ, магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініш қабылданып жатұандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon