главная

Асқар Мамин интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуді тапсырды

 

25 тамызға дейін оқушылар мен мұғалімдер оқу жылының қашықтан басталуына толық дайын болуы керек. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 25 тамызына дейін оқушылар мен мұғалімдердің оқу жылының қашықтан басталуына толық дайын болуын қамтамасыз етсін. Мұғалімдер тиісті оқудан өткізілсін. Интернет-платформаларда және теледидарда қажетті контент толық көлемде дайындалсын», - деп тапсырды А. Мамин Үкімет отырысында.

 

Сонымен қатар Премьер-Министр оқулықтар 25 тамызға дейін берілуі керектігін айтты. Оқулықтардың қағаз жүзіндегі нұсқаларының бәрінде міндетті түрде электрондық нұсқалары болуы тиіс, олар қолжетімді болуы керек.

 

«Цифрлық даму министрлігі әкімдіктермен және байланыс операторлармен бірлесіп, білім беру ресурстарының қолжетімділігі мен орнықтылығын, сондай-ақ елді мекендерде интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етсін», - деді Үкімет басшысы.

 

«Әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігі оқу орындарында, әсіресе оқытуды дәстүрлі ашық түрде жалғастыратын және «кезекші» бастауыш сыныптары бар мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын. Жалпы, жаңа оқу жылының басталуына барлығымыз үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек», - деді Асқар Мамин.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютер беруді қамтамасыз етеді.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon