главная

Ұлттық комиссияның жұмыс тобы латын графикасына көшу мәселелерін талқылады

August 24, 2020

 

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті деп хабарлайды Қазақ. Бұл туралы Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан хабарлады.

 

Мәлім етілгендей, 20 тамыз күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейінгі кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» аясында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

 

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, Орфографиялық жұмыс тобының төрағасы Н.Дәуешов жаңа әліпбиді енгізу және соған сәйкес емле ережелерін жасау мәселелері төңірегінде айтты.

 

«А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Фазылжанова жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері жобасына орфографиялық топ мүшелері мен тәуелсіз сарапшылардың қорытынды сараптамасы бойынша баяндама жасады. Баяндамашы жұмыс тобы мүшелері мен тәуелсіз сарапшылар тарапынан айтылған сын-пікірлерге ғылыми дәйекті жауап беріп, олардың орынды ұсыныстарының ескерілген тұстары туралы баяндады. Емле ережелерінің мейілінше екшеліп, ғалымдар сүзгісінен сан мәрте өткізіліп отырғанының мәні – оның халық тұтынуына ыңғайлы да жатық болуына ықпал ету екенін айтты.

 

Орфографиялық жұмыс тобы мүшелерінің және тәуелсіз сарапшылардың емле ережелері бойынша берген ұсыныстары, пікірлері кең түрде талқыланды», - деп мәлім етті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан.

 

Отырыс қорытындысында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескеру және латыннегізді әліпби бойынша пернетақта жобасын әлі де пысықтау қажеттігі шешілді.

 

Онлайн-шараға Орфографиялық жұмыс тобы мүшелері, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасарлары Болат Кеңесов пен Азамат Рысжанов және тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon