главная

Асхат Аймағамбетов сертификаттар, дипломдар, медальдар сататын ұйымдардың жолын кеспек

 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сертификаттар, түрлі дипломдар, медальдар, ерекшелік белгілерін сатумен айналысатын ұйымдардың жолын кесуге уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Кәсіби дамыту орталығы деп аталатын ұйымдар қаптап кетті. Ал іс жүзінде олар сертификаттар, түрлі дипломдар, медальдар, ерекшелік белгілерін сатумен айналысады. Біз олардың қызметінің жолын кесу қажет деп санаймыз және педагогтар мұндай «қармаққа» ілініп қалмауы тиіс», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.

 

Оның айтуынша, аталған жайтқа байланысты қазіргі уақытта бұйрықтар мен нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілетін болады.

 

«Бұл педагогтардың осындай наградаларды жинауына мүмкіндік бермеу үшін жасалады. Ал ведомстволық наградаларға қатысты айтар болсам, бұл жерде де ашықтық қамтамасыз етіледі», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

 

 

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon