главная

Мектептер жаңа оқу жылына қаншалықты дайын – Білім министрінің жауабы

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердің аралас оқыту формасына дайындығын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Мереке алдында 434 мың компьютер болған еді, қазір олар таратылды. Ертеңге дейін (кеше, бүгін тағы да қосымша компьютерлер келді) балаларға 500 мың компьютер тарату міндеті тұр. Бұл – өте үлкен жұмыс», - деді А. Аймағамбетов елордада №73 мектеп-лицейіндегі кездесуде.

 

«Сонымен бірге, биыл 11 сынып оқушыларына жаңа оқулықтар беріледі. Жалпы, оқулықтар бойынша біздің әріптестеріміз, білім басқармалары, педагогтар, мектеп директорлары үлкен жұмыс атқарды. Еңбек демалысына қарамастан мұғалімдер жұмыс істеді, дайындалды», - деп атап өтті министр.

 

Оның айтуынша, мектептер жаңа оқу жылына дайын.

 

«Біз кейбір есептік деректерге, қағаздағы дайын ақпаратқа қарап отырған жоқпыз. Өзіміз шығып, мектептерге барамыз. Бізде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі департаменттер бар, олар да барып тексереді. Саяси партияларымыз бен қоғамдық бірлестіктеріміз белсенді қатысуда. Жалпы мониторинг жүріп жатыр және мектептерді тиісті жағдаймен қамту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Осы мектептен кейін мен тағы бірнеше мектепке барамын. Біздің міндетіміз – дайын нәрселерді көру ғана емес, әріптестерімізбен сөйлесіп, қандай қиындықтар бар екенін, қандай көмек керектігін білу», - деді ведомство басшысы.

 

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon