главная

Оқытудың дәстүрлі форматына қайтару қалай іске асырылады

 

Білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптар әзірленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Орта білім саласына тоқталсақ, қашықтан оқыту аясында отандық нарыққа сегізден астам білім беру платформасы шығуда. Біріқ платформалардың функционалы мен мүмкіндіктері әртүрлі. Министрлік оқыту процесін толыққанды іске асыру үшін қажетті функционалды алуға мүмкіндік беретін білім беру онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеп, біріздендіріп, іске асыратын болады», - деді министр Үкіметтің отырысында.

 

Сонымен қатар ол оқытудың дәстүрлі күндізгі форматына қайтару қадамына тоқталды.

 

«Білім беру ұйымдарын оқытудың дәстүрлі күндізгі форматына қайтарудың тиісті тәртібі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге әзірленеді», - деді А. Аймағамбетов.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдау кезінде Президент толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды.

 

Мұнымен қоса, Мемлекет басшысы білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді жүктеді.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon