главная

Білім министрлігі ұстаздарға видеоқұттықтау жолдауға үндеді

October 3, 2020

 

Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтап, министрліктің Instagram парақшасына видеоқұттықтау жолдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі - кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағының айқын көрсеткіші. Ұстаздарымызға білім беру мен тәрбиелеу ісіне қосқан өлшеусіз үлестері және кәсіпке деген адалдықтары үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Құрметті оқырмандар! Мұғалімдер күні қарсаңында ұстаздарыңызға арналған жылы лебіздеріңізді жолдай аласыздар. Ол үшін бейне құттықтауларыңызды Instagram желісінде @edu_news_kz парақшасын белгілеп, #Ұстазыма_Мың_Алғыс немесе #Спасибо_Вам_Учитель хештегтерін пайдалана отырып жариялау қажет», - деп хабарлады министрлік.

 

Ерекше құттықтаулар Білім және ғылым министрлігінің Instagram парақшасында жарияланады.

 

«Мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Балаларымыздың тәрбиесіне қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін және таңдаған мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге шыдамдылық танытқандарыңыз және тынымсыз еңбектеріңіз үшін бас иеміз. Кәсіби мереке сіздерге жақсы көңіл-күй сыйлап, әріптестеріңіз бен оқушыларыңыздан жылы тілектер мен құттықтаулар көп болсын. Сіздерге мықты денсаулық және жұмыстарыңызда сәттілік тілеймін!» - деді ол.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon