главная

Министр Аймағамбетов: Үздіксіз оқу тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз

 

Қазақстанда үздіксіз оқу тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«PIAAC зерттеуіне біз бірінші рет қатысып отырмыз. Ал негізгі қатысушылары дамыған мемлекеттер екені белгілі. Бірақ, Қазақстан әдейі қатысты. Бізге осы проблемаларды белгілеп алу маңызды. Кей мемлекеттер мұндай зерттеуге тек астаналарын не ірі қалаларын қатыстырады. Біз ауылдың да, қаланың да тұрғындарын тиісті әдістеме бойынша бірдей нәтиже алу үшін қатыстырдық. Сондықтан бұл нақты нәтиже саналады», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат кеңесі барысында.

 

Сонымен қатар ол елімізде үздіксіз оқу тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты

 

«Ауруын жасырғанға не болатынын білеміз. Сондықтан осындай проблемаларды танып, олар бойынша нақты шешімдер қабылдау біз үшін өте маңызды. Сол себепті осындай аппарат кеңестерінде халықаралық зерттеулердің нәтижелерін, әсіресе салыстырмалы зерттеулердің сараптамалық ақпараттарын беріп отырамыз. Мұндай ақпарат нақты шешім қабылдау үшін қозғалады. Өмір бойы оқу, үздіксіз оқу тұжырымдамасын дайындау бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бекер айтқан жоқ. Бұл біз үшін маңызды мәселенің бірі. Қосымша білім беруді дамыту, жалпы үздіксіз оқу мәселесін дамыту, формалды емес білім беру нәтижелерін тану өте маңызды болып отыр. Сондықтан біз аталған тұжырымдаманы дайындап жатырмыз», - деді ол.

 

Министрдің айтуынша, тұжырымдаманы дайындау жұмысына жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары белсене қатысуы керек.

 

Айта кетерлігі, аталған кеңесте «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ президенті Ерлан Шуланов PIAAC зерттеуінің қорытындысымен таныстырған болатын.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon