главная

Үш жылда мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы жаңартылады

 

Үш жылдың ішінде мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Бұл туралы ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Жол картасының негізіндегі нәтижелер 2021-2025 оқу жылдарына арналып отыр. Бес жылдың ішінде мектеп кітапханалары түгелдей көркем әдебиеттермен қамтылмақ. Екіншіден, мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеру мәселесі қолға алынып, 2025 жылға қарай тиісті нәтиже болады. Өйткені олардың біліктілігін көтерумен қатар, жоғары оқу орындарында педагог-кітапханашы деген мамандықты енгізген кезде, 2025 жылы түлектердің педагог-кітапханашы мамандығын иеленіп келетіндігі жоспарланған», - деді Ғани Бейсенбаев Білім министрлігінің аппарат жиналысында.

 

Оның айтуынша, үш жылдың ішінде мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын көтеру аяқталады деп жоспарланған. Бүкіл заңнамалық актілер екі жыл ішінде жаңартылып, өзгерістер енгізіледі.

 

Айта кетейік, аппарат жиналысында мектеп кітапханасына қажетті көркем әдебиеттердің тізімі құрылып жатқаны баяндалды.

 

Сонымен қатар, мектеп кітапханашысын педагог-кітапханашы деген атаумен өзгерту ұсынылып отыр.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтынын айтқан еді.

 

«Тағы бір маңызды міндет - мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалау және толықтыру. Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе, көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ», - деді Мемлекет басшысы.

 

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon