главная

Елбасы кітапханасы мен Білім және ғылым министрлігі меморандум жасады

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі ынтымақтастық меморандумын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл құжат кітапхана мен министрліктің бірлескен мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға, зерттеу бағдарламаларын, ғылыми-практикалық іс-шаралар, конференция, форум, семинарлар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 

Келісімге Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

 

«Негізгі ынтымақтастыққа бағытталған меморандум ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаттағы бастамалары мен жаһандық идеяларын келешекте ақпараттық-имидждік ілгерілетуге және қазақстанның жан-жақты өркендеуі мен дүниежүзілік қауіпсіздік жүйесі идеяларын одан әрі халықаралық деңгейге дамытуға бағытталған», - деді Әмірхан Рақымжанов меморандумға қол қою рәсімінде.

 

Өз кезегінде Білім министрі Елбасы қорын жаңа ғимаратының ашылуымен құттықтады және бұл орынның білім және ғылым саласы үшін өте маңызды екенін айтты.

 

«Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы білім және ғылым саласында да кеңінен жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында балаларды нақты осы музейге әкеліп, сабақ өткізудің маңызы зор деп ойлаймын. Алдағы уақытта да ортақ жұмысты ұйымдастырамыз. Балалардан бұрын, өзімізге де қызықты болды. Мұнда жәдігерлер, қазіргі заманға сай әртүрлі кітаптар, жалпы еліміздің тарихы бар», - деді А. Аймағамбетов.

 

Сонымен бірге, министр мұның алдында да біраз жұмыс жасалғанын, тек ЖОО саласында емес, балабақша, мектеп пен колледж, ғылым саласында үлкен жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

 

«Бұл жұмысты әрі қарай да бірге жалғастырамыз деп ойлаймын. Әлі де жаңа бастамалар болады. Симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткіземіз. Эссе байқауын өткізуге де болады. Меморандум аясында нақты жұмыс жоспарын бекітіп алсақ, балабақшадан бастап орта білім, жоғары білім мен ғылым саласында сол кестеге сәйкес жұмыс атқарылса деп жоспарлап отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon