главная

Алик Шпекбаев: Білім саласындағы жемқорлықпен күресте оң өзгерістер байқалады

 

«Екінші жыл қатарынан біздің бірлескен жобаларымыз жүзеге асырылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте БҒМ өз бастамаларын ұсынып, белсенділік танытып келеді. Соңғы уақытта білім саласында ашықтық, айқындық және объективтіліктің арқасында оң өзгерістер байқалады. Бұл Тұңғыш Президент – Елбасы мен Мемлекет басшысының саясаты, ал қойылған міндетті министр орындап жатыр. Жалпы сыбайлас жемқорлық тәуекелдердін жою барысында жоғары оқу орындары қауымдастығы, сарапшылар мен тұтастай алғанда ведомство қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Білім және ғылым министріне белсенді ұстанымы үшін алғыс білдіремін», – деді Алик Шпекбаев ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлескен кеңес барысында.

 

Жиында бірлескен жобалардың нәтижелері ерекше атап өтілді. Бұл бағытта азаматтық қоғамды жұмылдыруға басты назар аударылған.

 

Оның жарқын мысалы ретінде еліміздің барлық өңірінде магистратураға түсу кезінде Агенттік пен Ұлттық тестілеу орталығы бірлесіп жүргізген мониторингті айтуға болады. Мониторингке 500-ден астам бақылаушы қатысты. Нәтижесінде дайындық деңгейі төмен әрі академиялық адалдықтан жұрдай үміткерлер тізімге ілікпеді және мемлекет 2,7 млрд теңге үнемдеді.

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дағы («Болашақ») сыртқы талдау орталық қызметінің түбегейлі трансформациялануына негіз болды. Бизнес-процестерді оңтайландыру нәтижесінде жыл сайын 1,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделетін болады. Қоғамдық мониторинг шеңберінде қашықтан оқыту кезінде компьютерлерді сатып алуға бөлінген қаражатты үлестіру жөніндегі комиссиялардың құрамында «Адалдық алаңы» өңірлік жобалық кеңселері, Арнайы мониторингтік топтардың және Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері болды. «Баға – сапа» қағидаты бойынша компьютерлік техниканы әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын іріктеу арқылы бірлескен күш-жігермен шамамен 3,6 млрд теңге үнемделді.

 

«Біз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторингтік тобының мүшелері ретінде аймақтарды аралап, білім саласындағы жағдай жақсарып келе жатқанын байқадық. Ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық процесс автоматтандырылған. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетеді. Министрлік арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен тұрақты жұмыс жасап, жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін әдістерін ұсынып келеді. Көптеген өңірде жұмысқа қабылдау процесі электрондық форматқа ауысып жатыр», – деп атап өтті Агенттіктің арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Айгүл Соловьева.

 

Бұлтты технологияларға көшу, педагогтерді электрондық форматта аттестаттаудан өткізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. Құжаттарды қабылдау, колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын өткізу процестері автоматтандырылып жатыр. Бұл сыбайлас жемқорлық факторларын жоюға мүмкіндік береді.

 

«Ақша студентпен бірге жүреді» жүйесі университеттер, колледждер арасында бәсекелестікті арттырып, өз кезегінде білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға ықпал етеді. 2021 жылы мектепке дейінгі білім беру саласында да ваучерлік жүйе енгізілетін болады. Яғни, бұдан былай ата-ана ваучерді алып, баласын қай балабақшаға беретінін өзі шешеді.

 

«Проблемалық мәселелер жоқ емес. Айтылған барлық ұсынысты егжей-тегжейлі талдап, жұмыс жүргізетін боламыз. Тәуекелдерді болдырмау үшін бізге ашықтықты толық қамтамасыз ету маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

 

Ақпарат көзі: inform.kz

 

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon