top of page
Поиск

Павлодарда МЖӘ аясында білім беру орталығы ашылды


Павлодарда елорда күніне орай 230 орынға шақталған білім беру орталығы ашылды. Мектепке дейінгі оқу мекемесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерді.


10 топқа бөлінген балабақша заман талаптарына сай сапалы білім беруді мақсат етеді. Балғындарға спортпен шұғылдануға және тілдерді меңгеруге қолайлы жағдай жасалмақ. Тозығы жеткен ғимаратты жөндеу жұмыстарына жеке инвестор 300 млн. теңге жұмсаған.


Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 1 және 3 жас аралығындағы сәбилерге балабақшаларда орын тапшы. Мәселе осы тектес жобалар арқылы шешімін табады деп күтіләп отыр. Бұл тәжірибе өңір аумағында кеңінен таралады деген жоспар бар.


Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі:

- Өздеріңіз білесіздер, бұл бұрынғы ескі ғимарат, кезінде трактор зауытына қарайтын. Қаншама жыл бойы бос тұрған. Жеке инвестор өзінің қаражатына жөндеу жұмыстарын аяқтады. Енді әрі қарай біз мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік қаражатты бөліп, 230 кішкентай павлодарлыққа осындай балабақша ашамыз деп жоспар қойдық.


Ақпарат көзі: 24.kz

bottom of page