Астанада Өңірлік экологиялық саммит өз жұмысын бастады. Халықаралық маңызды жиынға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және климаттық өзгерістерге қарсы күрес мәселелеріне ерекше тоқталды. Президент өз сөзінде экологиялық қауіпсіздік – елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар бағыт екенін атап өтті. Саммит аясында ұйымдастырылған көрмеде еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары өз жетістіктерін таныстырды. Солардың қа