top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert
Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


ҚАТЗУ Германиямен аграрлық ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Германияның Федералдық ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өңірлік бірегейлік министрлігінің делегациясы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне барды. Өткен кездесу ауыл шаруашылығы ғылымы мен білімі саласындағы Қазақстан мен Германия арасындағы ғылыми-білім беру серіктестігін нығайтудағы маңызды қадам болды.
36 minutes ago


Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Тяньцзинь қаласында өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру: өзгерістерді қабылдау, стандарттарды қалыптастыру және ортақ болашақты құру» атты халықаралық конференцияға қатысты, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
36 minutes ago


Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен негізгі бастамалары сөз болды. передает журнал «Современное образование» со ссылкой на пресс-службу МКИ РК, «Замануи білім беру» журналы Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
36 minutes ago


Қазақстанда балаларға қатысты құқық бұзушылықтар азайды
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда балаларға қатысты құқық бұзушылықтар саны 3,7%-ға азайды. Оң динамика еліміздің бірқатар өңірінде, соның ішінде Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалады, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
36 minutes ago


Қазақстанда University of Exeter қатысуымен тау-кен ісі саласындағы білім беруді дамыту жоспарланып отыр
Лондонда Алатау қаласын дамытуға халықаралық капитал тартуға бағытталған еуропалық роуд-шоу аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Эксетер университеті (University of Exeter) проректоры (Pro-Vice-Chancellor), профессор Александра Джербасимен кездесті.
10 hours ago


Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі – нені білу қажет
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда жұмыс істейтін азаматтарға қосымша қолдау көрсету. Бұл жүйе арқылы берілетін төлемдерді алу құқығы азаматтың жүйеге қатысуына және жұмыс берушінің оның атынан әлеуметтік аударымдар төлеуіне байланысты қалыптасады
1 day ago


ҚазҰУ-да ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub орталығында Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ЮНИСЕФ Жастар хабының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа интерактивті кеңістік студенттік бастамалардың орталығына айналып, жастардың заманауи құзыреттерді меңгеруіне, ауқымды әлеуметтік жобаларды әзірлеуіне және қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге белсенді атсалысуына мүмкіндік береді.
1 day ago


Абай University студенттеріне ашық дәріс
Қытай Халық Республикасының Пекин ғылым және технология University профессоры Шуя Вэй Abai University студенттеріне дәріс оқыды. Ашық дәрістің тақырыбы «Цайхуа сәулет кескіндемесінде қолданылатын материалдарды ғылыми зерттеу» болды.
2 days ago


Оқу-ағарту министрі XV NIS халықаралық конференциясында білім берудің басым бағыттары туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басымдықтар білім сапасын арттыруға, педагогтерді қолдауға және әр балаға тең мүмкіндік жасауға бағытталған. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова XV NIS халықаралық конференциясының жабылуында сөйлеген сөзінде осы міндеттерге тоқталды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2 days ago


Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
Осы міндеттерді іске асыруға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары да өз үлесін қосып келеді. Олар өнеркәсіптің қайталама шикізатын пайдалану арқылы жол битумының қасиеттерін жақсартатын жаңа технология әзірледі. Ғылыми жаңалық асфальтбетон жабынының беріктігі мен қызмет ету мерзімін арттыруға, сондай-ақ өндірістік қалдықтарды тиімді пайдалануға бағытталған. Технология зертханалық сынақтардан өтіп, Солтүстік Қазақстан облысындағы автомобиль жолының
2 days ago


Қазақстанда қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада басталады
3 қарашада еліміздің барлық өңірінде 9-11 -сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиаданың бірінші, мектепішілік кезеңі өтеді. Сайыс Smart Daryn платформасында ұйымдастырылады, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2 days ago


ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі кеңесінің 40-шы отырысы өтті
Мәскеуде Қазақстан Республикасының төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жастар істері жөніндегі кеңесінің 40-шы отырысы өтті. Жиынға жастар саясатына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері мен Кеңес мүшелері қатысты, «Замануи білім беру» журналы Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2 days ago


Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы арнайы мектептер салынады
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту, арнайы ұйымдар желісін кеңейту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу үшін мамандар даярлау жалғасуда. Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жаңа форматтағы арнайы мектептер салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады, «Замануи білім беру» журналы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
3 days ago


Азаматтық авиация академиясы Emirates Aviation University университетімен серіктестік бастады
Азаматтық авиация академиясының Басқарма төрағасы – ректор Дәулет Мәмеков бастаған делегация Біріккен Араб Әмірліктерінде Emirates Aviation University вице-канцлері, профессор, доктор Ахмад Әл Әлимен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек те қатысты, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
3 days ago


Қазақстан мектептерінде оқушыларға жеке қауіпсіздік дағдылары үйретілуде
2026-2027 оқу жылынан бастап еліміздің орта білім беру ұйымдарында 5-11 сынып оқушыларына арналған «Жеке қауіпсіздік» курсы жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты - балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, түрлі қауіп-қатерді дұрыс бағалауға, саналы шешім қабылдауға және қажет жағдайда ересектерден дер кезінде көмек сұрауға үйрету.
3 days ago


Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысына қатысты. Жиын Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен өтті, «Замануи білім беру» журналы Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
3 days ago


Ұлттық ғылым академиясында микробиология, вирусология және биологиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық конференция өтті
30 октября в Национальной академии наук при Президенте Республики Казахстан началась международная научно-практическая конференция «Вклад микробиологии и вирусологии в развитие биотехнологии и обеспечение биобезопасности». Участники обсуждают новые результаты фундаментальных и прикладных исследований, развитие международного сотрудничества и внедрение биотехнологических разработок в практику.
5 days ago


Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында ТМД елдері ғалымдарының форумы алғаш рет өтті
2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер ғалымдарының VI форумы ашылды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық ғылыми іс-шараға сегіз елдің ғылым академиялары басшылары мен жетекші ғалымдарын, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары және сарапшылық қауымдастық өкілдерін біріктірді.
6 days ago


ҚазҰУ ректоры ТМД ғалымдарының форумында баяндама жасады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер ғалымдарының VI форумында баяндама жасады. Биыл «Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым: ынтымақтастық пен дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналған шара ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.
6 days ago


Азаматтық авиация академиясының студенттері Алматы халықаралық әуежайына экскурсия жасады
Азаматтық авиация академиясының СиНО-25-2 тобының студенттері «Авиациялық қауіпсіздік негіздері» пәнін оқу аясында авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелеріне арналған Алматы халықаралық әуежайына оқу-танымдық экскурсия жасады.
6 days ago


Abai University мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Бүгін Абай университетінде мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған кездесу өтті. Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалы және Абай университеті арасында меморандумға қол қойылды.
6 days ago


Auezov University жаңа мүмкіндіктер ашылды
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында білім мен ғылымды, озық инновацияларды ел дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде дамыту міндеті айқындалған. Осы бағытта Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті білім беру сапасын арттыруға, дуальды оқытуды дамытуға ерекше көңіл бөліп, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады., «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыры
6 days ago


Kozybayev University: тәжірибелік-бағдарлы оқыту
Kozybayev University, Вайенштефан-Триздорф қолданбалы ғылымдар университеті және CT Agro компаниясы арасындағы серіктестік 2025 жылы басталды. Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan жобасы аясында «Өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар» білім беру бағдарламасының үш студенті Германиядағы Триздорф кампусында 20 апталық оқудан өтті. Бағдарлама қорытындысы бойынша олардың екеуі CT Agro компаниясына жұмысқа орналасты.
7 days ago


Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында «Білім беру» көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда білім сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, заманауи мектеп инфрақұрылымын дамытуға және педагогтердің әлеуетін нығайтуға бағытталған ауқымды реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағыттар адами капиталды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып саналады, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
7 days ago


Мемлекет басшысының Жолдауы: адами капиталды, ғылым мен жасанды интеллектіні дамыту – ел дамуының жаңа кезеңіндегі басты басымдықтар
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының алдағы кезеңіне арналған негізгі бағдарларды айқындап, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда білімнің, ғылымның, инновацияның және адами капиталдың айрықша рөл атқаратынын атап өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
7 days ago


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітап алаңын ашты
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Қазмедиа орталығының коворкинг аймағында қызметкерлерге арналған кітап алаңын ашты, «Замануи білім беру» журналы Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
7 days ago


Оқу-ағарту министрі БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық және институционалдық реформалар жүзеге асырылуда, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Осы мәселелер Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қазақстанға жұмыс сапарымен келген БҰҰ Бас хатшысының
Oct 28


Қазақстанда оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2023 жылдан бері елімізде «Балалар кітапханасы» жалпыұлттық бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты - балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру және сапалы кітаптарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды
Oct 28


Қазақстан мен NVIDIA жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі NVIDIA компаниясымен Deep Learning Institute (DLI) бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнатқан. Бағдарлама оқытушыларды даярлауға және сертификаттауға, сондай-ақ студенттердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Oct 28


Atyrau University-де Қытай делегациясы келдi
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы Бас консулдығының делегациясымен кездесу өтті. Құрамында Бас консул Го Юй, консулдар Чжан Шэнпэн мен Чжан Тяньци болған делегацияны оқу орнының басшылығы қабылдады.
Oct 28


Business Cup Hackathon 2.0: Nazarbayev University қатысуға шақырады
2026 жылдың 14–15 қарашасында Астанадағы Nazarbayev University-де Business Cup Hackathon 2.0 – екі күндік хакатон өтеді. Оның ұйымдастырушылары – Астанадағы AIESEC және Zimran халықаралық IT-компаниясы. Іс-шараға студенттер, бастаушы әзірлеушілер және IT-мамандар шақырылады. Хакатон офлайн форматта өтіп, 24 сағатқа созылады. Қатысушылар Zimran компаниясының нақты IT-кейсімен жұмыс істейді – бастапқы идеяны әзірлеуден бастап шешімді жасау және таныстыруға дейін. ҚАТЫСУШЫЛАР НЕ
Oct 27


ҚАТЗУ мен Чехия ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне Чехия Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ярослава Шпалкова бастаған делегация келді.
Oct 27


«ПЕДАГОГ» санаты үшін педагогтердің білімін бағалау
2026 жылғы 26-27 қазан аралығында app.testcenter.kz сайтында «ПЕДАГОГ» санаты үшін ПББ-ға өтініштерді қабылдау жүргізіледі. ПББ-ның өзі 28 қазан өтеді.
Oct 27


Алматыда Республика күніне орай 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды
Республика күні қарсаңында Алматы қаласының Наурызбай ауданында жалпы сыйымдылығы 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды. Жаңа мектепке дейінгі ұйымдар қаланың қарқынды дамып келе жатқан шағынаудандарында тұратын тұрғындар үшін мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, «Замануи білім беру» журналы Алматы ББ-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Oct 27


Студенттік GhostTech жобасы HackAlem AI хакатонының «Білім беру» бағыты бойынша жеңімпаз атанды
23 қазанда жасанды интеллект негізінде инновациялық шешімдер әзірлеуге мыңдаған қатысушыны біріктірген HackAlem AI халықаралық хакатоны жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуанг қатысты, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Oct 27


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар!
Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке. Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік. Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, қоғамы жасампаз, күллі әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, беделі зо
Oct 25


Жетісу университетінің студенттері Заң мен тәртіп қағидаты аясында «Шекара» атты театрландырылған сот процесін сахналады
Жеңіл табысқа қызығу қандай құқықтық салдарға әкелуі мүмкін? І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері осы сауалға «Шекара» атты театрландырылған үлгілік сот процесі арқылы жауап берді. Құқықтық қойылым есірткі қылмысының зардаптарын көрсетіп, жастарға заң алдындағы жауапкершілікті нақты сот процесінің үлгісінде түсіндіруді көздеді. Құқық және экономика факультетінің студенттері сахналаған қойылымда есірткіні белгіленген орындарға жасырын жеткізу қылмысы не
Oct 24


Республика күніне орай Қазақстанда 10 жаңа білім беру нысаны ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Республика күніне орай елімізде 10 жаңа білім беру нысаны ашылды. Жаңа мектептер, балабақшалар, оқушылар сарайлары мен инновациялық оқу орталығы еліміздің төрт облысында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында пайдалануға берілді, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды
Oct 24


Степногорскте «Маркшейдерлік іс» құзыреттілігі бойынша кім үздік екені анықталды
Маркшейдерлік іс тау ғылымының маңызды мамандандырылған саласы болып табылады, одан барлық жерасты және ашық тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігі, экономикалық тиімділігі мен дәлдігі тікелей тәуелді. Қазақстанда осы бағыт бойынша мамандар даярлау және кадрлардың біліктілігін арттыру, оның ішінде кәсіби шеберліктің мамандандырылған конкурстарын өткізу саланың жоғары кәсібилікке және өзекті білімге деген тұрақты қажеттілігін көрсетеді.
Oct 24


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Республика күнін қарсы алуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне арналған салтанатты шаралар өтті. Мереке аясында дәстүрлі «Алтын күз» креативті және инновациялық идеялар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қолданылған литий-ионды аккумуляторларды қайта өңдейтін пилоттық цех іске қосылды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.
Oct 24


Азаматтық авиация академиясының студенттері ICAO Aviation Security Week 2026 халықаралық іс-шарасына қатысты
Астанада авиациялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған және Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған ICAO Aviation Security Week 2026 халықаралық іс-шарасы өтті. Іс-шараның өткізілуіне Алматы қаласынан арнайы келген Азаматтық авиация академиясының 31 студенті волонтер ретінде қатысты. Болашақ авиация мамандары ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейдегі іс-шарада Академияның атынан лайықты өкілдік етті. Іс-шараға 60-тан астам елдің өкілдері, авиациялы
Oct 23


Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон спорты бойынша екі халықаралық жарыста үздік бестікке енді
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон спорты бойынша халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті. Қазақстанда дрон спорты бойынша жарыстар өңірлік, облыстық және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Бұл жарыстар дарынды оқушыларды анықтауға, олардың инженерлік ойлау қабілетін дамытуға, робототехника мен заманауи технологияларға қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ жас спортшыларды халықаралық чемпионаттарға дайындауға мүмкіндік береді.
Oct 23


Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысуда
Елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға және қоғамның рухани әлеуетін арттыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны өтіп жатқаны белгілі. Ауқымды бастамаға еліміздің түкпір-түкпірінен 1,4 миллионнан астам қатысушы тіркелген. Олардың қатарында Абай университетінің студенттері мен қызметкерлері де бар.
Oct 23


Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен ЮНЕСКО ынтымақтастық туралы келісім жасасты
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) Азия-Тынық мұхиты өңірінде жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Токио конвенциясын іске асыруға қолдау көрсетуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісім жасасты, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Oct 23


Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті.
Oct 23


ҚАТЗУ және Нидерланды – ынтымақтастық перспективалары
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Нидерланд Корольдігінің делегациясын қабылдады. Кездесу университет пен Нидерландтың ғылыми, білім беру және өндірістік ұйымдары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналды.
Oct 22


Қазақстан мен CERN: ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристина Хоннегермен кездесті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Oct 22


BioStart – Қозыбаев университетінің бірінші курс студенттері үшін
М. Қозыбаев академигінің 95 жылдығына орай BioTech Alliance студенттік ғылыми қоғамы биотехнология мамандығының студенттеріне арналған BioStart интерактивті ғылыми-ағартушылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Oct 22


Auezov University Дүниежүзілік тоқыма университеттері альянсына қосылды
Қытайдың Шанхай қаласында Дунхуа университетінің 75 жылдығы аясында Дүниежүзілік тоқыма университеттері Альянсының форумы өтті. Форум барысында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Альянс құрамына ресми түрде қабылданды.
Oct 22


Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде шахмат клубы ашылды.
Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Ұлы Отан соғысының ардагері, ғалым, ұстаз-психолог, профессор, Атырау өңірінде шахматтың дамуына зор үлес қосқан Ғабдрахман Әшімбайұлы Айдаралиев атындағы шахмат клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Oct 21
bottom of page