top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, +7 727 327 12 87, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Саясат Нұрбек жылды қорытындылады
Уақыт өз ағысымен алға жылжып келеді. Тағы бір жылды артқа тастап, жаңа белеске қадам басқалы отырмыз. Білім мен ғылым жолын таңдаған қауым үшін бұл тек қорытынды шығаратын сәт емес, атқарылғае іске қорытынды жасап, алдағы күнге үмітпен қараудың шағы. Университеттер мен зертханаларда, аудиториялар мен ғылыми ортада жиналған ой мен тәжірибе, табылған тың шешімдер мен жаңа идеялар елдің ертеңіне қызмет етіп жатыр. Жаңа жыл - ортақ еңбектің қадірін түсініп, келер жылды сеніммен


Жайық Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жайық Серікқалиұлы Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды , «Замануи білім беру» журналы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жайық Шарабасов 1980 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын және Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген Еңбек


Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау қағидаларын қайта қарап, министрлікте бұған дейін бекіген бұйрықтарды қайта зерделейтін болды
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен саладағы құқықтық актілерге талдау жүргізетін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына еліміздің әр өңірінен белсенді педагогтер кірді. Бұған дейін сала министрінің қабылдауында болған ұстаздар ведомство бекіткен кейбір бұйрықтардың өзара сәйкессіздігі туралы реніштерін жеткізген болатын. Жаңадан жасақталған жұмыс тобы осы кезге дейін қабылданған нормативтік құқықтық актілердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін, құқықтық тұрғыдан бір-біріне


ҚазҰУ ректоры жылды қорытындылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында университеттің QS World University Rankings халықаралық рейтингіндегі позициясын нығайту және цифрлық инфрақұрылымды дамыту мәселесі қаралды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев жыл қорытындылары туралы баяндап, ұжым атқарған жұмыстың ауқымды екенін атап өтті. Оқу ордасының басшысы соңғы уақытта ҚазҰУ-да инновациялық инфрақұрылымның едәуір жаңарғанын


Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысының әскери-патриоттық тәрбие саласындағы бастамаларын тиімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ерлан Қарин желтоқсан айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы кү


Биыл іске қосылған «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы 93,1 мың педагог аттестаттаудан өтті
Биыл алғаш рет республика бойынша «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы іске қосылды. Бұл – педагогтерді аттестаттау үдерісін толық цифрландыру жолындағы маңызды қадам. Жыл ішінде платформа арқылы барлығы 93,1 мың педагог біліктілік санаттарына өтініш берді , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Платформада мұғалімге қатысты мәліметтер бірнеше мемлекеттік дерекқордан автоматты түр


2025 жылы республикалық кадр резервіне 403 жаңа басқарушы енді
2025 жылы «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында 403 педагог республикалық кадр резервіне қабылданды. Бұл білім беру жүйесінде басқарушылық әлеуетті күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2023 жылдан бері іске асырылып келеді. Президенттік жастар кадрлық резерві үл


KAIST Kazakhstan жаңа кезеңге қадам басты
Тэджон қаласында KAIST Kazakhstan жобасына арналған ресми кездесу өтті. Іс-шараға Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST) Президенті мен жоғары басшылығы қатысты , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қазақстан Республикасы тарапынан кездесуге Алатау қаласының ресми өкілі, Қазақстан корейлері қауымдастығының мүшесі Елена Те, сондай-ақ жоба бастамашылары мен жетекшілері Дана


Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті , «Замануи білім беру» журналы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Биыл «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсының ережелері өзгерді. Үміткерлер үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді: кешенді тестілеу, сұхбат және Республикалық комиссияның ең жоғары ұпай жинаған қатысушыларды іріктеуі. Сондай-ақ бір күнтізбелік


ҚР Оқұ-ағарту министрлігі: баланы қорғау жауапкершіліктен басталады
Жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді. Бұл санның артында – баланың ауыр жарақаты мен алдын алуға болатын өкінішті жағдайлар жатыр , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Отшашу мен петарда — ойыншық емес! Олар — балаға қауіп төндіретін жарылғыш заттар. Қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаңыздар: 18 жасқа толмағандарға пиротехника сатуға қатаң тыйым салынады. Егер балаға петарда сатып тұрғанын


Үш заң қабылданып, 5000-нан астам баланың құқығы қорғалды — 2025 жылдың басты қорытындылары
2025 жылы бала құқығын қорғау саласында заңнаманы жетілдіру мен бақылауды күшейтуге айрықша басымдық берілді. Жылдың ең басты нәтижесі – 3 Заң мен 11 нормативтік құқықтық актінің қабылдануы. Сондай-ақ, бақылау шараларының арқасында 5000-нан астам баланың құқығы қалпына келтірілді , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Заңнамалық өзгерістер негізінен жетім балалардың қауіпсіздігіне және оларды тәрбиелеу жау


Қазақстан жаңа ғылыми-технологиялық дәуірдің қарсаңында
Жоғары білім мен ғылым жүйесінде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім экономикасын қалыптастыруға, адам капиталын дамытуға және елдің технологиялық жаңаруына бағытталған. Бұл саладағы мемлекеттік саясат жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім мен ғылымға дәйекті интеграциялауды, университеттердің бизнеспен және өндіріспен байланысын нығайтуды, өңірлік ғылыми-білім беру экожүйелерін дамытуды және білім берудің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейд


Бүгін еліміздің әр өңірінен жиналған жүз бала Президенттік шыршаға қатысты.
Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан балаларға арналған жаңа жылдық кеш өтті. Президенттік шырша «Жаңа жыл республика төрінде» деп аталды. Балаларға арналған мерекеге еліміздің барлық өңірлерінен жүз мектеп оқушысы қатысып, естен кетпес жаңа жылдық кештің куәсі болды. Президенттің балаларға арнаған сыйлықтарын оқушыларға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова табыс етті , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қы


Астанада Қазақстан музейлерінің бірыңғай цифрлық жүйесі – E-museum порталы таныстырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде E-museum порталының презентациясы өтті. Жоба еліміздегі музейлердің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру мақсатында, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей саласы елдің мәдени-рухани дамуы мен тарихи мұрасын сақтау үшін ерекше маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде жаһандану мен цифрландыру ү


Тау-кен металлургия кешенінің Жаңа мамандықтар атласы жаңартылды
Бүгін Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған Жұмысшы мамандықтары жылы қорытындыларын шығару рәсімінде Тау-кен металлургия кешенінің (ТМК) Жаңа мамандықтар мен құзыреттілік атласының жаңарту жұмыстарының аяқталғаны жарияланды , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Салтанатты шараның негізгі оқиғасы – «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болд


Seifullin University – ұлттық көшбасшылықтан әлемдік деңгейге
2025 жылы Seifullin University халықаралық академиялық кеңістіктегі өз орнын сенімді түрде нығайтып, жаһандық және өңірлік рейтингтерде сапалы жоғарылауға қол жеткізіп, беделді кәсіби қауымдастықтар тарапынан мойындалды. Бұл жетістіктер интернационалдандыруға бағытталған жүйелі стратегияның, білім мен ғылым сапасын өлшейтін нақты көрсеткіштерге бағдарланудың, сондай-ақ әлемдік сараптамалық диалогқа белсенді қатысудың нәтижесі болды. Өтіп бара жатқан жылдың басты оқиғаларының


ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Түркі Академиясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек түркі халықтарының тарихын, тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін кешенді зерттеуге маманданған халықаралық ғылыми ұйым – Түркі Академиясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге Түркі Академиясының Президенті Шаһин Мұстафаев пен вице-президенті Асхат Кесікбаев қатысты , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Тараптар басқосу барысында Академияның


Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізуге арналған республикалық бағдарлама іске қосылды
Астана қаласында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жасанды интеллект (AI) құралдарын қолдануға бағытталған жаңа республикалық бағдарлама өз жұмысын бастады. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан серіктес компанияларымен жүзеге асырылуда , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бағдарлама аясында елордада «Білім беру ү


Халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші қазақстандық оқушы жоғары нәтиже көрсетті
2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық 1657 оқушы 36 халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми байқауларға қатысып, 922 медаль жеңіп алды. Қатысушылардың 60 пайызы жүлделі орын иеленіп, әрбір екінші оқушы халықаралық жарыстардан жүлдемен оралды. Жалпы нәтиже бойынша 177 алтын, 329 күміс және 416 қола медаль биылғы жылдың жеңіс қоржынын толықтырды , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Сондай-ақ биы


Ғылым мен білім тоғысқан жыл: Жетісу университетінің есептік кездесуі
«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы - ректор Ермек Бөрібаев 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындары алдында есеп берді. Есептік кездесуге облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары және Жетісу университетінің ұжымы қатысты. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2024–2025 оқу жылында білім беру, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бағыттарында тұрақты дамуын көрсетті. Университетте 800-ден астам профессор-оқытушы еңб
bottom of page
