Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіптік білім беру – елорданың тұрақты даму құралы
- Жангелді Әмірғалиев, Нағима Исина, Астана қаласының Әдістемелік орталығы

- Dec 24, 2025
- 9 min read

Бүгінгі таңда жұмысшы мамандарының беделі мен сұранысы айқын болып отыр. Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтарды көбірек тартатын қарқынды дамып келе жатқан Астананың барлық салаларында өз қолдарымен қаланың болашағын құрып, бүгінін қолдайтын адамдар қажет. Тұрғын үй кварталдарын, бизнес-орталықтарды, білім беру ұйымдарын салу және одан әрі күтіп ұстау, осыған байланысты сауда объектілеріне сұраныстың өсуі және түрлі қызметтер көрсету, Астананың көлік магистральдарын дамыту, жаңа кәсіпорындар ашу, жоғары бәсекелестік мұндай кадрларды даярлауды тиісті назардан тыс қалдыруға мүмкіндік қалдырмайды және жұмыс берушілерді колледждермен белсенді ынтымақтастыққа белсендіреді. Қаланың білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмысын белсенді қолдап үйлестіреді, оны сапалы жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді.
Елорданың 32 колледжінде – 9 мемлекеттік және 23 жекеменшік коллежде бүгінде 76 мамандық және 126 біліктілік бойынша 38 мыңнан астам студент оқиды. Олардың шамамен 24 мыңға жуығы немесе 63%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады.
Дайындықтың жетекші бағыттары инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары болып табылады – 22,2%; медицина – 20%; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 15,5%; білім беру – 14,5%; қызметтер – 14,1%. Сондай-ақ бизнес, басқару және құқық – 7%; өнер және гуманитарлық ғылымдар – 6,9%; ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария – 0,3%; жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 0,1% бағыттары бойынша дайындық жүргізілуде.
Биылғы жылы қала 11 936 жас маман – колледж түлектерін алды, олардың 6,4 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылды.
Салыстыру үшін, 2024 жылдың қорытындысы бойынша колледждер 10 мыңға жуық студентті түлетіп ұшырды. Олардың 86%-ы жұмысқа орналастырылды, 55%-ы мамандық бойынша жұмысқа орналасты. Бұл қазіргі колледж түлектерінің қажеттілігі туралы да, білім беру мен жұмыс берушілердің берік байланыстарын жолға қою, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, кәсіптік бағдар беру қызметін кеңейту бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттігі туралы да айтады.
ТЕГІН КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ
2021 жылдан бастап жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін кәсіптік біліммен жүз пайыз қамтуға кезең-кезеңімен көшу басталды. 2023 жылы 8500 бюджеттік орын, 2024 жылы 9767 орын бөлінді.
Ағымдағы жылы 10 000 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы тоғыз бағытқа жататын 65 мамандық бойынша қалыптастырылды:
– инженерлік және құрылыс салалары – 3956 орын;
– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1940;
– білім – 1500;
– қызмет көрсету саласы – 1203;
– бизнес, басқару және құқық – 570;
– өнер және гуманитарлық ғылымдар – 375;
– денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру – 326;
– жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 75;
– ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және ветеринария – 55.

КОЛЛЕДЖДЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда тиімді инфрақұрылым құру және белсенді қарқынмен жүргізілетін колледждердің материалдық-техникалық базасын үнемі жақсарту маңызды рөл атқарады.
2024 жылы үш колледждің: Астана қаласы Техникалық колледжінің, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің, «Astana Polytechnic» Жоғары колледжінің материалдық-техникалық базасы жақсарды, өнеркәсіптік автоматика, радиоэлектроника және байланыс, мехатроника зертханалары сатып алынды. Жоғары көлік және коммуникация колледжінде күрделі жөндеу жүргізілді.
Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде жұмыс берушілердің жеке инвестицияларын тарта отырып, сондай-ақ жергілікті бюджеттен колледждерді жаңғырту жалғасуда.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен елорданың үш колледжінде – Астана қаласының Техникалық колледжінде, Құрылыс-техникалық колледжінде, Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің Аспаздық академиясының үй-жайында ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып, уақтылы жүргізілуде. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен Жоғары медициналық колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартуға қаражат бөлінді.
Кәсіптік-техникалық колледждің серіктестері – «Алкон+» компаниясы және «НацЭкс» АҚ өз қаражаты есебінен студенттерге жұмыс мамандықтары бойынша практикалық дағдыларды игеруге көмектесетін арнайы жабдықтар орнатты.
«Import Flowers» ЖШС Сервис және туризм колледжінің әлеуметтік серіктесі «GulHub» ресурстық орталығына стеллаждар, арнайы үстелдер, жабдықтар, шығын материалдарын ұсынды.

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Оқу барысында қашықтықтан және гибридті оқыту платформалары (Moodle, Google Classroom), VR-жаттықтырғыштар, цифрлық жаттықтырғыштар және 3D-модельдеу құралдары (AutoCAD, SketchUp) пайдаланылады. Бұл әсіресе техника, дизайн, логистика және өндіріске қатысты мамандықтарда ерекше тиімді.
Мысалы, Құрылыс-техникалық колледжінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша оқытуға арналған интерактивті модуль-жүйе; Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Теміржолдардың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша практикалық сабақтарда виртуалды шындық және VR көзілдіріктері қолданылады; Техникалық колледжде «Лифт жүйелері және эскалаторлар» мамандығы бойынша пәндерді оқытуда СББ (сандық бағдарламалық басқару) кеңінен қолданылады. Бұл тәсіл техникалық бағыт бойынша мамандарды практикалық даярлау сапасын едәуір арттыруға, оқыту кезіндегі тәуекелдерді азайтуға және білім беру мекемесінің ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарына жауап беретін сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін ID-картаның кіруді бақылау және басқару жүйесі – KABA жүйесі, Face ID жүйесі – Hikvision/Qamqor AI қолданылады.
КАДРЛАРДЫ МАҚСАТТЫ ДАЯРЛАУ
2022 жылдан бастап тиімді жұмысқа орналастыру мақсатында колледждерде елордалық кәсіпорындар мен ұйымдардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау іске асырылуда. Бүгінгі таңда ол 2185 студентті қамтыды (салыстыру үшін, 2022 жылы – 528 адам), олар 17 мамандық бойынша 90-нан астам елордалық кәсіпорынның өтінімдері бойынша оқиды. Мысалы, «Autoland автосервистер желісі», «JLR «Terra Motors», «Сарыарқа автоорталығы» компаниялары» «Astana Polytechnic», «Жасыл аймақ» Жоғары колледжіне, Астана ботаникалық бағы Сервис және туризм колледжіне «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша автомобиль көлігін жөндеу бойынша мамандар даярлауға өтінім берді. Жоғары көлік және коммуникация колледжі «City Transportation Systems» ЖШС-мен ЖРК мамандарын даярлауға шарт жасасты, ал ҚР Лифт компаниялары қауымдастығы жыл сайын Астана қаласының техникалық колледжіне лифтшілерді даярлауға өтінім береді.

ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ
Астана қаласы бойынша дуальді оқыту жүйесіне 38 мамандық, 62 біліктілік бойынша 21 колледж тартылып, қаланың 378 кәсіпорны мен ұйымы (ірі бизнес – 43, орта – 130, шағын – 147, мемлекеттік мекемелер – 58) тартылды, 9 154 дуальді оқыту шарты жасалды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 8 994 адам оқиды (37%).
Дуальды оқыту туралы шарттардың көп бөлігі құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласында – 2 772, өңдеу өнеркәсібі – 588, сауда – 416, тұру және тамақтану қызметтері саласында – 204 жасалды.
Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі мен Технологиялық колледж жүз пайыздық дуальді оқытуға көшті.
Бизнеспен әріптестік қатынастар нығайып, қамқоршылық көрсететін кәсіпорындар саны артып келеді. Қазіргі уақытта жүзден астам кәсіпорын колледждерді қамқорлығына алды.
ЖАҢА МАМАНДЫҚТАР КАРТАСЫ
2023 жылы әзірленген Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі Жаңа мамандықтар мен құзыреттер картасы (Жаңа мамандықтар атласы) елорданың үш жетекші экономикалық саласын – құрылыс, сауда және қызмет көрсету, білім беру саласын айқындады.
Сонымен қатар, салыстырмалы талдау
еңбек нарығындағы негізгі тенденциялар кәсіби құзыреттіліктің жаңа сыныптарының пайдасына ауысатынын көрсетті:
– жүйелік интеграция, кәсіпорынның технологиялық және бизнес-процестерін автоматтандыру, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, талшықты-оптикалық байланыс, ақпараттық қауіпсіздік (этикалық хакинг);
– бизнес-білім беру, жобалау менеджменті, қаржылық консалтинг;
– SMM-маркетолог, таргетолог, графикалық дизайнер, product-менеджер;
– жобалаушы инженер, кибернетик инженер, нейрожелілер бойынша ML-инженер, электроншы инженер, технолог инженер, АБЖ инженері және басқалар;
– онлайн-оқытушы, әдіскер, психолог-кеңесші, дәрігерлер, педагогтер;
– логистикалық үйлестіруші, интралогистика бойынша маман (автоматтандырылған қойма есебі), ландшафт сәулетшісі;
– өнеркәсіптік дизайнер, тамақ өнеркәсібінің технологы (фудтех), инженер-робототехник, үлкен деректерді талдау жөніндегі маман (Big Data Analyst).
Алдағы 3-7 жылда еңбек нарығына кіре алатын бірқатар жаңа мамандық пайда болуы ықтимал деп болжануда.
Бұл онлайн-оқыту бойынша тьютор, инклюзивті білім беру жөніндегі маман, коммуналдық жылжымайтын мүлікті басқарушы, құрылыстағы сапаны басқару жөніндегі маман, құрылыс технологы-инноватор, «bim-технологияларды» ескере отырып, жылжымайтын мүлікті пайдалану жөніндегі маман, цифрлық коммерция және фулфилмент-орталықтардың логистика маманы, автомобиль дизайнері-жөндеуші.
«Аstana Polytechnic» Жоғары колледжі, Сервис және туризм колледжі, Жоғары көлік және коммуникация колледжі Жаңа мамандықтар мен құзыреттер картасын іске асыру шеңберінде өткен жылы білім беру бағдарламаларына модульдер енгізді:
– электромобиль диагностикасын және жөндеуді жүргізу (электромобиль жөндеушісі),
– корпоративтік ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін орнату (киберқауіпсіздік),
– виртуалды қонақүй хосты,
– туризмнің әртүрлі түрлеріне арналған туристік маршруттарды талдау және әзірлеу (туристік сәулетші).

«Жылжымайтын мүлікті басқару» – «Хаус-шебер» біліктілігі, «Ландшафт дизайны», «Бау-бақша шаруашылығы»– «Флорист-гүл өсіруші» біліктілігі, «Гидрогеология және инженерлік геология», «Логопедия», «Жеке сүйемелдеуді ұйымдастыру» – «Педагог-ассистент» біліктілігі.
Соңғы екі жылда Құрылыс-техникалық колледжі, Сервис және туризм колледжі, Технологиялық колледж, Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжі жаңа мамандықтарға лицензия алды:
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Ағымдағы жылы бес мемлекеттік колледжді халықаралық салалық аккредиттеу бойынша жұмыс басталды. Бұл «Astana Polytechnic» Жоғары колледжі, Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Технологиялық колледж, Жоғары көлік және коммуникация колледжі, Техникалық колледж.
Білім беру бағдарламаларының тиімділігін, түлектердің әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шетелдік білім беру және кәсіптік ұйымдармен әріптестік қатынастар орнатылады.
Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі екі жылдан бері түрік Тамақтану колледжімен белсенді жұмыс істейді, 2024 жылы Технологиялық колледж бен SEPR (Франция) колледжі арасында меморандум жасалды, «Astana Polytechnic» Жоғары колледжінің Сингапур политехникалық колледжімен меморандумға қол қоюы пысықталуда.
ЕЛОРДАНЫҢ ҮЗДІК КОЛЛЕДЖДЕРІ
2018 жылдан бастап Астана қаласының Білім басқармасы мемлекеттік колледждер арасында «Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік ұйымы» грантын тағайындауға конкурс өткізеді. Қатысушылар 23 критерий бойынша: олардың ішінде жоғары және бірінші санатты педагогтердің, сарапшы-педагогтердің, зерттеуші-педагогтердің, шебер-педагогтердің болуы, штаттық оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы, түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, білім алушыларды дуальді оқытумен қамту, кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу бойынша бағаланады.
Конкурс жеңімпаздары арнайы құрмет дипломдарымен және грант алғаны туралы сертификаттармен марапатталады. Жеңімпаз колледж білім беру ұйымын материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге грант жұмсайды.
Соңғы жылдары Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі (2023 ж.), «Astana Polytechnic» Жоғары колледжі (2024 ж.) конкурстың жеңімпаздары атанды.

WORLDSKILLS
WorldSkills чемпионаттарын олимпиада ойындарымен салыстыруға болады, онда спортшылардың орнына колледж студенттері – болашақ мамандар шеберлік бойынша жарысады, ал кәсіпқойлар мен өндірістік оқыту шеберлері конкурсқа қатысушыларды бағалай отырып, сарапшы ретінде әрекет етеді.
WorldSkills қозғалысы жас мамандарды көбірек тартады. Жыл сайын қалалық чемпионатқа қатысушылардың сандық және сапалық құрамы жақсарып келеді. Биыл 22 елордалық колледжден 50 құзырет бойынша 300-ден астам қатысушы өтініш берді.
Чемпионат негізгі бағыттар бойынша кең ауқымды мамандықтарды қамтиды:
– құрылыс және инженерия: кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, плиткамен қаптау, электр монтажы, сантехника және жылыту, ағаш ұстасы, теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару, электровозды басқару және т.б.;
– өнеркәсіп және мехатроника: дәнекерлеу технологиясы, токарлық және фрезерлік жұмыстар, шанақты жөндеу, прототиптеу, мехатроника, E-mobility;
– IT және цифрлық технологиялар: желілік және жүйелік әкімшілендіру, бұлтты бағдарламалау, веб-технологиялар, графикалық дизайн, интернет-маркетинг, бизнеске арналған IT-шешімдер, мобильді қосымшаларды әзірлеу, компьютерлік ойындарды 3D-модельдеу, мобилография, бейнемонтаж;
– қызмет көрсету саласы және креативті индустриялар: мейрамхана қызметі, аспаздық және кондитерлік өнімдер, наубайхана, шаштараз өнері, сән технологиясы, қонақүй ресепшионисті, флористика;
– білім және әлеуметтік мамандықтар: бастауыш сыныптарда оқыту, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, дене шынықтыру және спорт, педагогика;
– көлік, жөндеу және техникалық қызмет көрсету: ақпараттық кабельдік желілер, жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
– кәсіпкерлік және бизнес: кәсіпкерлік, сервисті ұйымдастыру.
Сондай-ақ, чемпионат аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер арасында «Абилимпикс», «DeafSkills» және оқушылар арасында «JasSkills» жарыстары өтеді.
«WorldSkills Kazakhstan 2024» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында Астана командасы 5 алтын, 1 күміс, 5 қола, 6 «Үздік жас маман» медальонын жеңіп алып, Қазақстан өңірлері арасында командалық есепте бірінші орынды иеленді.
БЕЙІНДІК СЫНЫПТАР
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Астанада сегіз бағыт бойынша «100 бейінді сынып» жобасы іске қосылды.
Жобаға Астана қаласының 7 жоғары оқу орны, 21 колледжі және 70 мектебі қатысады. Бұл қызметке колледждердің әлеуметтік серіктестері де тартылды.
Бейіндік сыныптарда барлығы 2892 8-11 сынып оқушылары қамтылды, сабақтарды 170 арнайы пән оқытушысы мен өндірістік оқыту шебері жүргізеді. Педагогикалық бағыттағы ең көп ашық сыныптар – 50. Сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру) бағыты бойынша 25 сынып, тігін өндірісі – 13 сынып, дизайн – 12 сынып, медицина – 12 сынып, IT – 9 сынып, теміржол көлігі – 5 сынып, сервис (техникалық қызмет көрсету) – 4 сынып ашылды.
Сабақтар дәрістер, шеберлік сыныптары, экскурсиялар, тренингтер түрінде өткізіледі, жобалық жұмыстарды қорғай отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Мамыр айының соңында елордада бейіндік сынып оқушыларының қалалық слеті өткізілді, оған 400-ден астам оқушы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, педагогтер қатысты. Бейіндік сыныптардың оқушылары колледждердің табысты студенттерімен әңгімелесіп, олардың әңгімелерінен шабыт алды, сондай-ақ олар үшін шеберлік сыныптары, интерактивті іскерлік ойындар, бизнес-идеялардың таныстырылымдары, автомобиль және теміржол көлігіне техникалық қызмет көрсету, тігін өндірісі, дизайн, флористика, тамақтануды ұйымдастыру, медицина, педагогика, ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша психологиялық-педагогикалық тренингтер өткізілді.
Сондай-ақ, елордада кәсіптік бағдар беру жұмысы ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар арасында жүргізіледі. Ол пилоттық мектептер таңдалған Астана қаласының әр ауданында сыныптан тыс үйірмелер түрінде ұйымдастырылған.

ПЕДАГОГТЕР МЕН ШЕБЕРЛЕР – ТжКБ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
Білікті оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері – астананың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің іргетасы. Олар елорда экономикасын қалыптастыратын мамандарды: аспаздар мен кондитерлерді, электромонтерлер мен шаштараздарды, жиһаз жасаушылар мен туроператорларды, автослесарлар мен теміржол саласының мамандарын дайындайды. Педагог кадрларды қолдау, олардың кәсіби құзыреттерін дамыту және кәсіп мәртебесін арттыру – өңірдің ТжКБ жүйесін одан әрі өсіру мен жаңғыртудың маңызды шарттары.
Қазіргі уақытта Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 2000-нан астам педагог болашақ мамандарды даярлауда, оның ішінде 980 арнайы пәндер оқытушысы мен өндірістік оқыту шебері, яғни бейіндік білімі, салалық тәжірибесі мен құзыреті бар білікті педагогтер бар. Олар бірқатар негізгі функцияларды атқарады.
Мысалы, дуальді оқытуды жүзеге асыру аясында мұғалімдер әлеуметтік серіктестермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Оқу-әдістемелік материалдармен бірлесіп жұмыс жасау барысында болашақ мамандардың заманауи кәсіби дағдыларды игеруі үшін оқу пәндерінің мазмұнын түзету және өзгерту жүргізіледі. Бұл тәсіл нақты сұранысқа ие кәсіби дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді және қызметкерлермен байланысты нығайтады.
Олар сондай-ақ WorldSkills-ке шақыру үшін конкурстық тапсырмаларды модельдейді, тәжірибеге бағытталған оқытуды және дағдыларды тәуелсіз бағалауды ұйымдастырады. Осының арқасында елордалық колледж студенттері ұлттық жарыстарда үнемі жүлделі орындарға ие болады.
Педагогтер студенттердің кәсіби мәдениетін, еңбек тәртібін және таңдалған мамандыққа деген құрметін қалыптастыра отырып, тәлімгерлердің рөлін атқарады. Олар оқушыларды конкурстарға, тағылымдамаларға және жобаларға қатысуға ынталандырады.
Өз кезегінде Астанада оқытушылар мен шеберлерді қолдау және кәсіби дамыту шаралары жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Астанада 39 оқу орталығы жұмыс істейді, оның 23-і кәсіпорындар жанынан, 5-еуі колледждер жанынан, 11-і әртүрлі бизнес ұйымдары жанынан ашылған.
Салалық орталықтар белгілі бір салада білім мен дағдыларды қалыптастыруға, дамытуға және таратуға және оны білікті кадрлармен қамтамасыз етуге тікелей көмек көрсетеді. Өндірістік оқыту шеберлері мен студенттер үшін «Ақмола оқу-курстық комбинаты» ЖШС «Қалалық туризмді дамыту орталығы» ЗТБ, «За рулем.kz» ЖШС, «Алтын орда авторлық дизайн үйі» ЖШС, «Астана-KZ» Оқу орталығы» ЖШС және т.б. оқу орталықтарында кәсіби шеберлікті арттыра алады
Жыл сайын 250-ден астам өндірістік оқыту шебері мен арнайы пәндер оқытушысы кәсіпорындарда тағылымдамадан өтеді.
Мәселен, Техникалық колледждің, Жоғары көлік және коммуникация колледжінің, «Астана Профи» колледжінің педагогтері «Электр жабдықтары» бейіні бойынша, Кәсіптік-техникалық колледждің, «ASTANA POLYTECHNIC» Жоғары колледжінің, Құрылыс-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бейіні бойынша, Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің, Технологиялық колледждің, Сервис және туризм колледжінің, Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің педагогтері «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бейіні бойынша, Менеджмент, бизнес және білім колледжінің, Басқару колледжінің және т.б. педагогтері «Шаштараз және косметологиялық қызметтер» бейіні бойынша кәсіпорындарда тағылымдамадан ойдағыдай өтті.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Астана – Өңірлік электр желілік компаниясы» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Али монтаж» ЖК, «Sensata Construction» ЖШС, The Ritz-Carlton Astana, «МастерКофе» ЖШС, «Dami» мейрамханасы, «AstanaTour» туристік фирмасы, «SANDYQ ASTANA» ЖШС және басқа да көптеген компаниялар, сондай-ақ Астана қаласының емдеу-профилактикалық медициналық ұйымдары мен оқу орындары дәстүрлі түрде өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары үшін тағылымдамалар базасы болып табылады.
Колледждердің кадр саясатының негізгі мәселелерінің бірі – өндірістен,
өнеркәсіптік кәсіпорындардан, құрылыстан, сервис және қызмет көрсету ұйымдарынан, бизнес-қауымдастықтардан жетекші мамандарды тарту. Өткен оқу жылында техникалық және кәсіптік оқу орындарына теориялық және практикалық сабақтарды оқыту, оқу және өндірістік практиканы өткізу үшін 114 жоғары білікті маман тартылды.
Мұндай тығыз ынтымақтастық оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, өйткені бұл жағдайда оқу орнының білім беру процесі өндіріс процесіне және сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыруға сәйкес келеді, сонымен қатар жұмыс берушілердің талаптарына жауап береді.
Көрнекті оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері техникалық және кәсіптік білім берудің мықты тұсы болып табылады.
Жангелді ӘМІРҒАЛИЕВ,
Астана қаласы әкімдігінің
Әдістемелік орталығы басшысының орынбасары
Нағима ИСИНА,
ТжКБ бөлімінің әдіскері



Comments