top of page
"Современное образование" республикалық журналының редакциясы
Издается с 1999 года
Наши телефоны: +7 727 377 31 43, WhatsApp +7 778 312 37 64, e-mail: info@bilim.expert
Индекс издания по каталогу АО "Казпочта" - 75895
Search


Қазақстанда University of Exeter қатысуымен тау-кен ісі саласындағы білім беруді дамыту жоспарланып отыр
Лондонда Алатау қаласын дамытуға халықаралық капитал тартуға бағытталған еуропалық роуд-шоу аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Эксетер университеті (University of Exeter) проректоры (Pro-Vice-Chancellor), профессор Александра Джербасимен кездесті.


Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі – нені білу қажет
Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда жұмыс істейтін азаматтарға қосымша қолдау көрсету. Бұл жүйе арқылы берілетін төлемдерді алу құқығы азаматтың жүйеге қатысуына және жұмыс берушінің оның атынан әлеуметтік аударымдар төлеуіне байланысты қалыптасады


ҚазҰУ-да ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub орталығында Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ЮНИСЕФ Жастар хабының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа интерактивті кеңістік студенттік бастамалардың орталығына айналып, жастардың заманауи құзыреттерді меңгеруіне, ауқымды әлеуметтік жобаларды әзірлеуіне және қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге белсенді атсалысуына мүмкіндік береді.


Абай University студенттеріне ашық дәріс
Қытай Халық Республикасының Пекин ғылым және технология University профессоры Шуя Вэй Abai University студенттеріне дәріс оқыды. Ашық дәрістің тақырыбы «Цайхуа сәулет кескіндемесінде қолданылатын материалдарды ғылыми зерттеу» болды.


Оқу-ағарту министрі XV NIS халықаралық конференциясында білім берудің басым бағыттары туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басымдықтар білім сапасын арттыруға, педагогтерді қолдауға және әр балаға тең мүмкіндік жасауға бағытталған. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова XV NIS халықаралық конференциясының жабылуында сөйлеген сөзінде осы міндеттерге тоқталды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
Осы міндеттерді іске асыруға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары да өз үлесін қосып келеді. Олар өнеркәсіптің қайталама шикізатын пайдалану арқылы жол битумының қасиеттерін жақсартатын жаңа технология әзірледі. Ғылыми жаңалық асфальтбетон жабынының беріктігі мен қызмет ету мерзімін арттыруға, сондай-ақ өндірістік қалдықтарды тиімді пайдалануға бағытталған. Технология зертханалық сынақтардан өтіп, Солтүстік Қазақстан облысындағы автомобиль жолының


Қазақстанда қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада басталады
3 қарашада еліміздің барлық өңірінде 9-11 -сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиаданың бірінші, мектепішілік кезеңі өтеді. Сайыс Smart Daryn платформасында ұйымдастырылады, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі кеңесінің 40-шы отырысы өтті
Мәскеуде Қазақстан Республикасының төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жастар істері жөніндегі кеңесінің 40-шы отырысы өтті. Жиынға жастар саясатына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері мен Кеңес мүшелері қатысты, «Замануи білім беру» журналы Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы арнайы мектептер салынады
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту, арнайы ұйымдар желісін кеңейту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу үшін мамандар даярлау жалғасуда. Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жаңа форматтағы арнайы мектептер салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады, «Замануи білім беру» журналы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Азаматтық авиация академиясы Emirates Aviation University университетімен серіктестік бастады
Азаматтық авиация академиясының Басқарма төрағасы – ректор Дәулет Мәмеков бастаған делегация Біріккен Араб Әмірліктерінде Emirates Aviation University вице-канцлері, профессор, доктор Ахмад Әл Әлимен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Рауан Жұмабек те қатысты, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Қазақстан мектептерінде оқушыларға жеке қауіпсіздік дағдылары үйретілуде
2026-2027 оқу жылынан бастап еліміздің орта білім беру ұйымдарында 5-11 сынып оқушыларына арналған «Жеке қауіпсіздік» курсы жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты - балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, түрлі қауіп-қатерді дұрыс бағалауға, саналы шешім қабылдауға және қажет жағдайда ересектерден дер кезінде көмек сұрауға үйрету.


Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысына қатысты. Жиын Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен өтті, «Замануи білім беру» журналы Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Ұлттық ғылым академиясында микробиология, вирусология және биологиялық қауіпсіздік бойынша халықаралық конференция өтті
30 октября в Национальной академии наук при Президенте Республики Казахстан началась международная научно-практическая конференция «Вклад микробиологии и вирусологии в развитие биотехнологии и обеспечение биобезопасности». Участники обсуждают новые результаты фундаментальных и прикладных исследований, развитие международного сотрудничества и внедрение биотехнологических разработок в практику.


Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында ТМД елдері ғалымдарының форумы алғаш рет өтті
2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер ғалымдарының VI форумы ашылды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық ғылыми іс-шараға сегіз елдің ғылым академиялары басшылары мен жетекші ғалымдарын, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары және сарапшылық қауымдастық өкілдерін біріктірді.


ҚазҰУ ректоры ТМД ғалымдарының форумында баяндама жасады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер ғалымдарының VI форумында баяндама жасады. Биыл «Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым: ынтымақтастық пен дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналған шара ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.


Азаматтық авиация академиясының студенттері Алматы халықаралық әуежайына экскурсия жасады
Азаматтық авиация академиясының СиНО-25-2 тобының студенттері «Авиациялық қауіпсіздік негіздері» пәнін оқу аясында авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелеріне арналған Алматы халықаралық әуежайына оқу-танымдық экскурсия жасады.


Abai University мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Бүгін Абай университетінде мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған кездесу өтті. Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалы және Абай университеті арасында меморандумға қол қойылды.


Auezov University жаңа мүмкіндіктер ашылды
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында білім мен ғылымды, озық инновацияларды ел дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде дамыту міндеті айқындалған. Осы бағытта Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті білім беру сапасын арттыруға, дуальды оқытуды дамытуға ерекше көңіл бөліп, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады., «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыры


Kozybayev University: тәжірибелік-бағдарлы оқыту
Kozybayev University, Вайенштефан-Триздорф қолданбалы ғылымдар университеті және CT Agro компаниясы арасындағы серіктестік 2025 жылы басталды. Practical Trainee Triesdorf-Kasachstan жобасы аясында «Өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар» білім беру бағдарламасының үш студенті Германиядағы Триздорф кампусында 20 апталық оқудан өтті. Бағдарлама қорытындысы бойынша олардың екеуі CT Agro компаниясына жұмысқа орналасты.


Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында «Білім беру» көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда білім сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, заманауи мектеп инфрақұрылымын дамытуға және педагогтердің әлеуетін нығайтуға бағытталған ауқымды реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағыттар адами капиталды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып саналады, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
bottom of page
