Азаматтық авиация академиясының студенттері Алматы халықаралық әуежайына экскурсия жасады
Азаматтық авиация академиясының СиНО-25-2 тобының студенттері «Авиациялық қауіпсіздік негіздері» пәнін оқу аясында авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелеріне арналған Алматы халықаралық әуежайына оқу-танымдық экскурсия жасады.

Экскурсия барысында студенттер әуежайдың авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын бөлімшелерінің практикалық қызметімен танысты. Атап айтқанда, олар кинологиялық бөлімшеге барып, әуежай қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қызметтік иттердің атқаратын рөлі туралы түсінік алды.
Сонымен қатар студенттер ішкі әуе желілеріндегі жолаушылар мен қол жүгін тексеру пункттерінің жұмысын ұйымдастырумен, сондай-ақ багажды тексеру үдерісімен танысты. Білім алушылар тексерудің техникалық құралдарын қолдану тәртібін және жолаушылар мен әуе тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің жұмысын тәжірибе жүзінде көрді.
Студенттерге «Авиациялық қауіпсіздік негіздері» пәнінің оқытушысы Б.Р. Медетбеков жетекшілік етті.

Comments