ҚР Оқұ-ағарту министрлігі: баланы қорғау жауапкершіліктен басталады
- Редакция "СО"

- 9 hours ago
- 1 min read
Жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді.
Бұл санның артында – баланың ауыр жарақаты мен алдын алуға болатын өкінішті жағдайлар жатыр, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Отшашу мен петарда — ойыншық емес!
Олар — балаға қауіп төндіретін жарылғыш заттар.
Қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаңыздар:
18 жасқа толмағандарға пиротехника сатуға қатаң тыйым салынады. Егер балаға петарда сатып тұрғанын көрсеңіз — бей-жай қарамаңыз, бұл — заңға қайшы әрекет.
Балаларға отшашуды өз бетінше жағуға мүлде болмайды. Тіпті «зиянсыз» көрінгеннің өзін де тек ересектер ғана жағуы тиіс.
Пиротехниканы үй ішінде, балконда және тұрғын үйлердің маңында атуға немесе қолдануға болмайды.
Балалардың амандығы — сіздің қырағылығыңызға байланысты!



Comments