Жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді. Бұл санның артында – баланың ауыр жарақаты мен алдын алуға болатын өкінішті жағдайлар жатыр , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Отшашу мен петарда — ойыншық емес! Олар — балаға қауіп төндіретін жарылғыш заттар. Қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаңыздар: 18 жасқа толмағандарға пиротехника сатуға қатаң тыйым салынады. Егер балаға петарда сатып тұрғанын