top of page

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде шахмат клубы ашылды.

1 hour ago
1 min read

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Ұлы Отан соғысының ардагері, ғалым, ұстаз-психолог, профессор, Атырау өңірінде шахматтың дамуына зор үлес қосқан Ғабдрахман Әшімбайұлы Айдаралиев атындағы шахмат клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті.


Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде шахмат клубы ашылды.

Іс-шараға университет басшылығы, спорт саласының мамандары, оқытушылар мен студенттер қатысты. Шахмат клубының салтанатты лентасын Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов пен Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов қиып, жаңа зияткерлік орталықты ресми түрде ашты.


Салтанатты жиында Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов сөз сөйлеп, Ғабдрахман Айдаралиевтің білім мен ғылым саласына, жас ұрпақ тәрбиесіне және Атырау өңірінде шахматтың дамуына қосқан елеулі үлесіне тоқталды. Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов өңірде бұқаралық және зияткерлік спорт түрлерін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, университет қабырғасында ашылған шахмат клубы жастардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, бос уақытын тиімді өткізуіне және жаңа спорттық жетістіктерге жол ашатынын жеткізді. Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов елімізде шахмат спортының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, жаңа клубтың студенттер арасында шахматты кеңінен насихаттауға, дарынды жастарды анықтауға және олардың кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді


Бүгінде Ғабдрахман Әшімбайұлының шахмат саласындағы мұрасы жалғасын табуда. Оның есімі Атырау облыстық шахмат федерациясына берілген. Сондай-ақ Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде тұлғаны ұлықтауға арналған халықаралық шахмат турнирі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде шахмат клубы ашылды.

Жаңадан ашылған клубтың негізгі мақсаты – университет студенттері мен оқытушыларын шахматқа баулу, олардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, шеберлігін шыңдау және университетте шахмат мәдениетін қалыптастыру.


Ғабдрахман Айдаралиев атындағы шахмат клубы – көрнекті тұлғаның есімін ұлықтап қана қоймай, оның өнегелі өмір жолы мен шахматқа деген сүйіспеншілігін кейінгі ұрпаққа жеткізетін тағылымды бастама.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page