13-16 тамыз аралығында Бейжің қаласында FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионаты өтті. Қазақстан атынан жарысқа 23 команда қатысты. Чемпионатқа әлемнің 25 елі мен өңірінен 375 команда жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар үш екінші, бес үшінші орынға ие болып, 15 арнайы жүлде жеңіп алды. II орын: RoboRangers: Harmony School, Астана қаласы; SBIL·LION·AIRES: «Білім-Инновация» лицейі, Семей қаласы; KAZBOTS: Оқушылардың инновациялық