top of page
Поиск

Тараздық ұстаздар Германияда жүр

Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері Инна Аксенова мен Инна Богучарская Германияның Гамбург қаласында өткен ECER 2019 білім саласындағы ең ірі еуропалық конференциясына қатысты,-деп хабарлайды "Современное образовние" сайты "ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Тараздық мұғалімдер халықаралық ғылыми жұртшылық назарына «Тәуекелдер әлемінде PBL проблемалық-бағытталған оқыту қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуына ұйымдастырушылық инновацияларды енгізу» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Педагогтардың айтуынша, ECER 2019 конференциясына қатысу білім беру саласындағы заманауи зерттеу үрдістерін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, олар шетелдік әріптестерінің конференцияда ұсынылған зерттеу нәтижелері қолжетімді, әрі жоғары кәсіби деңгейде ұсынылғанын атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша И. Аксенова мен И. Богучарская Фридрих-Александр атындағы университеттің педагогика институты профессоры Майкл Голичтің басшылығымен ұйымдастырушылық оқыту саласындағы жетекші зерттеушілердің кәсіби қауымдастығына мүше болды. Қауымдастыққа мүше бола отырып, мұғалімдер халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта жаһандық және әлеуметтік қауіп-қатерлер әлемінде кәсіби дамыту бойынша жергілікті мұғалімдерге қолдау көрсетуді жалғастырады. Биылғы жылы ECER әлемнің түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық жетекші ғалымдар мен білім беру саласының мамандарын жинады. Білім берудегі зерттеулер бойынша Еуропалық қауымдастық яғни EERA ұйымдастырған биылғы форум болашақ үшін білім беру зерттеулерінің рөліне арналды.

bottom of page