top of page
Поиск

Ауыл мектептеріне интернет қашан қосылатыны белгілі болды


Еліміздегі ауыл мектептері 2020 жылдың соңына дейін интернетпен толық қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды 24.kz.


Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице- министрі Марат Нұрғожин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты.


«Осы жылдың соңына дейін облыстық және аудандық мектептер 100 пайыз интернетпен қамтылады. Ал 2020 жылдың соңына дейін барлық ауыл мектептері интернетке қосылатын болады. Бізде осындай міндеттер тұр», - деді Марат Нұрғожин.

Сонымен қатар қазіргі уақытта еліміздегі мектептердің 93 пайызы секундына 4 мегабит жылдамдықты интернетке, ал мектептердің 73 пайызы Wi-Fi желісіне қосылғанын айтып өтті.


Айта кетсек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанда интернетке әлі күнге дейін қосылмаған 93 мектеп бар.

bottom of page