top of page
Поиск

Семейде мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобустар құрастырылуда



Семей қаласындағы зауытта мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобустар құрастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов көп ұзамай өңір мектептері арнайы автобустарымен қамтамасыз етілетіндігін айтты. Қоғамдық көліктерде сөмке қоятын орын, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған балалар орындықтары болады.


«Осыған дейін өңірдегі медициналық мекемелерге жедел жәрдем көліктерін шығарған «СЕМАЗ» ЖШС біздің өтінішімізді жерде қалдырмады. 20 оқушыға арналған автобустың жаңа нұсқасы дайындалды. Жақын арада бірнеше автобус сатып аламыз. Қазір Білім басқармасы мектептерге нақты қанша көлік керек екенін есептеп жатыр. Ең бастысы, бұл жайлы қоғамдық көліктер балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деді Даниал Ахметов.


Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-ның медициналық мекемелеріне 60 жедел жәрдем көлігі берілгендігі хабарланған.

bottom of page