Абай университетінде «AI-Sana» бағдарламасы аясында студенттердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама білім алушылардың заманауи технологияларды меңгеруіне, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдануына және инновациялық жобалар әзірлеуіне бағытталған. «AI-Sana» білім беру курсына қатысуға университеттің 2173 білім алушысы өтінім берген. Іріктеу нәтижесінде жобаға 979 студент қатысы