2026 жылы рейтингке еліміздің 13 жоғары оқу орны енді. Бұл – төрт салалық және 27 пәндік бағыт бойынша 70 позиция, ұлттық жоғары білім беру жүйесі үшін абсолюттік рекорд. Ең бастысы, өзгерістердің сапасы. Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Білім беру және оқыту» бағыты бойынша әлемде 41-орынға ие болды. Бұл – Орталық Азия жоғары білім беру тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл енді жай ғана қатысу емес, нақты бәсекеге қабілетті деңгей. Біз бо