І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде білім ордасының жанашыры, қоғам қайраткері әрі белгілі кәсіпкер Ажмағанбетов Қуаныш Мәдиұлының есімі берілген көпфункционалды «Zhetysu Hall» залы салтанатты түрде қолданысқа берілді. Маңызды шараға университет ұжымы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студент жастар, сондай-ақ «Кайнар-АКБ» ЖШС қызметкерлері қатысты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар тәрбиесі мен олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру м