Университетімізде қазақ руханиятының темірқазығына айналған ұлы ойшыл, дана тұлға — Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай тағы бір тағылымды әрі мазмұнды кездесу өтті. Бұл жолы рухани кештің қонағы — М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің ресми өкілі, ректордың баспасөз хатшысы, абайтанушы, Мұхтартану ғылыми орталығының білікті қызметкері, филология факультетінің түлегі Әзімхан Исабек болды. «Абай және бүгінгі жастар» тақырыбында өткен кездесуді ұйымдастырған және белсене қатысқандар Фил