Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жобаның іске асу кезеңі 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жалғастырылады. Бұл норма Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тиісті бұйрығымен бекітілген. Құжатқа енгізілген түзетулер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын жетілдіруге бағытталған. Ваучерлік қаржыландыру жү