Адам тілді ерте балалық шағында меңгереді және оны өмір бойы жетілдіріп отырады: сөздік қорын байытады, тыныс алуды, дауысты, интонацияны басқаруды, сөйлемдер мен мәтіндерді еркін құрауды үйренеді. Баланың интеллектуалды әлеуетінің қалыптасу деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – оның тіл байлығы. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой және сөйлеу қабілеттерін дамытуды қолдау өте маңызды. Баланың тілі неғұрлым сауатты, белсенді сөздік қоры неғұрлым жақсы дамығ