Астана 29 шілде мен 9 тамыз аралығында әлемдік фиджитал спорттың орталығына айналады. Ел астанасы дәстүрлі спорт пен киберспортты ұштастыратын халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирін қабылдайды. 12 күн бойы әлемнің 50 елінен келген 800-ден астам спортшы мен клуб 8 дисциплина бойынша жалпы жүлде қоры 4,75 миллион АҚШ долларын құрайтын бәйгеде бақ сынайды. Қазақстан атынан өз алаңында өтетін турнирге ұлттық іріктеуден өткен 11 команда қатысады. Олар әлемді