2025 жылғы 22 қазанда Астана қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен агрохакатон байқауы өтті. Оған І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Enactus Zhetysu» командасы қатысып, ІІ орын және 300000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Республикалық додаға 200-ге жуық команда қатысып, оқу ордасының жастары үздік деп танылып, ақтық сында өнер көрсеткен 16 үздік ұжымның қатарынан көрінді. Аталған шараның мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық идеяларды қол