top of page

Жетісу университеті: «Enactus Zhetysu» командасы жүлделі орынға ие болды

2025 жылғы 22 қазанда Астана қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен агрохакатон байқауы өтті. Оған І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Enactus Zhetysu» командасы қатысып, ІІ орын және 300000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Республикалық додаға 200-ге жуық команда қатысып, оқу ордасының жастары үздік деп танылып, ақтық сында өнер көрсеткен 16 үздік ұжымның қатарынан көрінді.


ree

Аталған шараның мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық идеяларды қолдау, жас кәсіпкерлер мен агротехнология бағыты бойынша мамандарды біріктіру, сондай-ақ ауылдық өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.


Бұл жеңіс – Жетісу университеті студенттерінің ғылыми-инновациялық әлеуеті мен кәсіби ізденісінің айқын дәлелі. Осындай байқаулар жастардың жаңа идеяларын дамытуға, агроинновациялық жобаларды жүзеге асыруға және ауылдық өңірлердің өркендеуіне жаңа серпін берері сөзсіз.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page