І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен «Helios Soft» компаниясы цифрлық оқыту және ақпараттық технологиялар саласындағы стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім – білім беру жүйесінде отандық IT-шешімдерді дамыту мен енгізуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. – Аталған серіктестік практикалық оқытуға басымдық беріп, студенттердің кәсіби әлеуетін арттырады әрі өңірде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау ісін жаңа деңгейге көтереді, – д