Елордадағы «Жетісу» саябағында «Отбасы Time» отбасылық балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Іс-шара балалар мен ата-аналарды бір алаңға жинады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Мерекелік бағдарлама аниматорлардың қатысуымен өткен ойындардан, байқаулар мен интерактивтерден басталды. Балалар белсенділік танытып, қиялы мен шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында жас қатысушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балала