Наурыз мейрамына орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауы қорытындыланды. Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 350 мыңнан астам бала қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың ұлттық ойындарға қызығушылығын арттырып, қазақ халқының мәдени мұрасы мен салт-дәстүріне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Байқауға ортаңғы, ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілерімен қатар педагогтер