2025-2026 оқу жылында Қазақстан дарынды оқушыларды қолдау жұмысын күшейтті. 80-нен астам республикалық зияткерлік жарысқа 1,6 млн-ға жуық оқушы қатысты, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Халықаралық деңгейде ел намысын 5 052 оқушы қорғады. Олар 37 олимпиада мен ғылыми конкурсқа қатысып, 1 026 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 190 алтын, 332 күміс және 504 қола медаль бар. Тағы 56 қатысушы арнайы марапаттар