Алматы мен Астана халықаралық QS Best Student Cities 2027 рейтингіндегі өз позицияларын жақсартып, Қазақстанның өңірлік жоғары білім беру орталығы ретіндегі тартымдылығының артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Алматы бірден 13 сатыға көтеріліп, әлемде 78-орынға ие болды. Бұл – Қазақстан қалаларының рейтингке қатысу тарихындағы ең жоғары нәтиже және