Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында бірқатар білім беру нысандары пайдалануға берілді , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Алматы қаласында бірден төрт жаңа форматтағы мектеп есігін айқара ашты. Солардың бірі Медеу ауданындағы 2 мың оқушы орнына арналған №220 мектеп. Жаңа ғимарат өз микроауданы бойынша оқушы орны тапшылығын