Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда жарияланған «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында Қазақстанның цифрлық державаға айналуы – уақыт талабы деп, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар ел дамуының құрамдас бөлігі ғана емес, ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің берік негізі екенін айрықша атап өтті. Қазіргі таңда цифрландыру экономика, мемлекеттік басқару және қоғам өмірінің барлық саласына терең еніп, ұлттық дамудың стратегиялық факторына айн