2026 жылғы 22 қаңтарда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде халықаралық білім беру және инвестициялық компания Laihua Online (Wuhan) International Education Technology Co., Ltd. (LINCA) делегациясының ресми сапары өтті. Кездесу барысында тараптар білім беру, ғылым және инновация салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ бірлескен білім беру және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Кездесуге