Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасындағы Грузияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидземен кездесті , «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кездесу барысында екі ел арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, ғылыми тағылымдамаларды дамытуға және шете