Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген 20 колледж оқытушысы Қытайдың Ухань бағдарламалық қамтамасыз ету инженерлік кәсіптік колледжінде жасанды интеллект (AI) бағыты бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Тағылымдама бағдарламасы жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясат пен оқыту әдістемесін, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету технологияларын, сондай-