Educational Testing Service (ETS, АҚШ) халықаралық ұйымының шақыруы бойынша Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов Принстон саммитінің жұмысына қатысып, ұйым басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Принстон саммиті ETS пен Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталды. «Білім беру өлшемдері саласындағы мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» тақырыбындағы панельдік пікірталас барысында ҰТО