Қозыбаев университетінің қабырғасында өткен «Ұлытаудың ұлдары – ұлтым деген» атты республикалық студенттер айтысы көрнекті ғалым, академик Манаш Қозыбаевтың 95 жылдығына және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның 75 жас мерейтойына арналды. Дүбірлі додаға жергілікті айтыскерлерден бөлек, Көкшетаудан, сыр өлкесінен, елордадан, Павлодар, Семей, Қостанайдан, шырайлы Шымкенттен, Өскеменнен, киелі Түркістаннан жас ақындар қатысты. Жыр бәйгесінде жастар арасындағы маңы