Биыл алғаш рет республика бойынша «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы іске қосылды. Бұл – педагогтерді аттестаттау үдерісін толық цифрландыру жолындағы маңызды қадам. Жыл ішінде платформа арқылы барлығы 93,1 мың педагог біліктілік санаттарына өтініш берді , «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Платформада мұғалімге қатысты мәліметтер бірнеше мемлекеттік дерекқордан автоматты түр